$ 494.87  520.65  4.91

Сөмкесінен ерекше иісі бар зат тапқан: Таразда есірткі сақтаған қыз ұсталды

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Таразда синтетикалық есірткі сақтаған 26 жастағы азаматша ұсталды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz-ке  Polisia.kz-ке сілтеме жасап
Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов “Facebook” парақшасында xабарлады. 

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы азаматшаны ұстады. Полицейлер оның сөмкесінен ерекше иісі бар жасыл түсті ұнтақ зат салынған түйіншек тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, анықталған зат – жалпы салмағы төрт грамм “Alfa-PVP” синтетикалық есірткісі болып шықты.

“Alfa-PVP” синтетикалық есірткі заты жүйке жүйесіне өте қауіпті психобелсенді әсерін тигізеді, ағзаны бүлдіріп, тез тәуелділікке алып келеді. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары