Бүгінгі сөз 20.02.2017 сағат 09:46

Қазақтар көп шоғырланған ОҚО еліміздегі ең кедей облыс деп танылды

Халқының 70 пайыздан астамын қазақтар құрайтын Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең кедейлері көп шоғырланған өңір деп танылып отыр. Ranking.kz порталы жүргізген зерттеу нәтижелеріне сенсек, облыстағы 290 мыңдай адам сіңірі шыққан кедей көрінеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жалпы, сарапшылар 2016 жылдың экономикалық тұрғыдан қазақстандықтарға өте ауыр соққанын мәлімдеп отыр. Былтыр ел тұрғындарының нақты кірісі 4,5 пайызға төмендеп кеткен. Соңғы 16 жылдан бері республикада өмір сүру деңгейі бұлайша қиындамаған.

Бұған дейінгі антирекорд 2009 жылы тіркелген болатын. Ол кезде халықтың кірісі бірден 3,1 пайызға төмендеп кеткен.

Былтыр жыл бойы қазақстандықтардың сатып алу мүмкіндіктері төмендей берген. Тек желтоқсан айында ғана кіріс 2,4 пайызға өсімді құрапты. Дегенмен, жылдық көрсеткішке ол соншалықты әсер етпеген.
Экономикалық ауыртпалықты ең алдымен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар сезініп отыр.

Мәселен, 2011-2015 жылдар аралығында елімізде табысы өмір сүру минимумынан төмен деп есептелетін отбасылар екі есеге дейін азайыпты. Алайда, 2016 жылы олардың саны қайта өсіп, бүгінде 452 мың адамды құрап отыр. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 6 мың адамға көп.

Салыстырмалы кезеңде Қазақстандағы кедейлер саны тағы 27 мың адамға артса, байлардың қатарына 18,3 мың адам қосылған. Жалпы, еліміздегі дәулетті адамдардың тек 10 пайызы ғана халыққа тиісті кірістің 23,6 пайызын иемденіп отыр.

Республикадағы ең кедей адамдар Оңтүстік Қазақстан (289,6 мың адам) мен Алматы облыстарында (201 мың адам) және Алматы қаласында (175 мың адам).

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар