$ 498.34  519.72  4.85

Жезқазғанда биыл 1600 бүлдіршін мектепке барады

Балалардың жазғы демалысы аяқталып, оқу жылы басталуға шақ қалды. Бейқам ойнап жүрген күндерді енді білім мен тәрбиеге толы сабақ күндері алмастырады. Мектеп формасын киген ақ бантикті қыздар мен галстук тағынған ұлдар бір сыныптан екінші сыныпқа өтіп, оқуын одан әрі жалғастырады. Түлектер үшін бұл алтын ұядағы соңғы жыл болса, кешегі ойын баласына «мектеп» деген үлкен кеме іспеттес.

Жыл сайын жаңа буынның мектеп табалдырығын аттауы өмір заңдылығы. Дегенмен, жыл сайын қайталанатын үрдістің де өз жаңашылдығы болады. Биыл 1600-ден астам жезқазғандық бүлдіршін оқушы атанады.

Білім беру жүйесіне жыл сайын оң өзгерістер енгізіледі. Әрине, оның барлығы оқушылардың сапалы білім алуы үшін жасалады. 2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8 сынып оқушылары жаңа оқу бағдарламасы бойынша сабақ оқитын болады. Бес күндік оқу аптасына ауысу одан әрі жалғасады. Биыл оқушыларда оқулықпен қиындық тумайды. Мектептерде кітап саны жеткілікті және тегін берілетін болады.

Биыл қаладағы бірнеше білім ошақтарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаладағы №1 бөбекжайдың шатыры жөнделді. Өткен жылы шатыры жөнделген №1 орта мектеп биыл күрделі жөндеуден өтті. №133 негізгі орта мектеп те биыл жөнделіп, білім алушылар жаңарған ғимаратта оқитын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары