$ 447.4  477.55  4.76

ҰБТ тапсырушыларға жеңілдіктер жасалады

Осы арқылы оқушыларға психологиялық қысымды азайтуға және маусым айында өтетін ҰБТ-ға жақсы дайындалуға үлкен мүмкіндік береді.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын талапкерлерге қандай жеңілдіктер жасалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Біріншіден, биылдан бастап ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ жылына төрт рет өткізіліп отыр. Осы арқылы оқушыларға психологиялық қысымды азайтуға және маусым айында өтетін ҰБТ-ға жақсы дайындалуға үлкен мүмкіндік береді. Екіншіден, колледж түлектеріне жеңілдіктер қарастырылды. Олар ЖОО-ға бітірген мамандығына ақылы негізде оқуға түсемін десе, тестілеуден босатылып, тек емтихан тапсырады», - деді білім және ғылым министрі.

Үшіншіден, ILTES халықаралық ағылшын тілін білу сертификаты бар түлектер шет тілінен тест тапсырудан бостатылады. Осы пәннен оларға автоматты түрде жоғарғы балл беріледі. Министрдің сөзінше, ҰБТ тапсыратындардың арасында 708 балада ILTES сертификаты бар.

«Төртіншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге мамандықтар тізімі, оған бөлінетін грант саны, өткен жылы грант байқауының нәтижелері көрсетілген арнайы ақпараттық парақ беріледі. Бұл мәліметтер талапкерлерге тестілеу нәтижесіне сәйкес, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға мүмкіндік береді», - деп айтты Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары