$ 494.87  520.65  4.91

2021-2022 оқу жылынан бастап барлық оқушы 12-сынып оқитын болады

12 жылдық білім беруге көшу құрылымы бастауыш мектептерде оқу мерзімінің 1 жылға (1-5-сыныптар) ұлғаюы, негізгі орта және жалпы орта білім беру мерзімдерінің сақталуы есебінен қамтамасыз етіледі.
Фото: "Synergy"- Научно-образовательный центр
Фото: "Synergy"- Научно-образовательный центр

Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген бұрынғы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикада 2016 жылдан бастап 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-сыныптарда «Назарбаев» зияткерлік мектептері тәжірибесіне сәйкес әзірленген орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4, 9 және 10-сыныптар, ал 2020-2021 оқу жылында 11-сынып көшетін болады. 2021 жылы білім берудің жаңартылған мазмұны толықтай енгізілгеннен кейін 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жоспарланған», - деп атап өтеді ол.

Оның атап өтуінше, 12 жылдық білім беруге көшу құрылымы бастауыш мектептерде оқу мерзімінің 1 жылға (1-5-сыныптар) ұлғаюы, негізгі орта және жалпы орта білім беру мерзімдерінің сақталуы есебінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта 12 жылдық білім беруге көшудің аталған құрылымы Қазақстандағы  білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген.

«12 жылдық білім беруді енгізу 2021-2022 оқу жылына  жоспарланып отыр. Қазақстандағы  білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу жоспарларына тиісті өзгертулер енгізіледі», - деді К.Шәмшидинова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#білім