$ 494.87  520.65  4.91

«Бірнеше қате таптым»: Білім және ғылым министрі оқулық сапасы мәселесін көтерді

«Оқулықты дайындайтын біз бе, онда оның сапасына, жұмыстың тиімділігіне де біз жауап беруіміз керек», - деді министр.
Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепті қамсыздандыру мәселесі бойынша өткен жиында мектеп оқулығын қолына алып қарап, ішінен қате тапқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мен оқулықты қолыма алып, арнайы қарап шықтым. Бірнеше қате де таптым. Біреулер мұны техникалық қате, тағысын тағы деп ақталып жататын шығар. Бірақ, ең бастысы жауапкершіліктен ешқашан қашпау керек, өйткені қатенің аты - қате. Неге қатеге жол беріледі, министрлік не істеу керек, оған неге жол беріледі? Осы төңірегінде сөз өрбітсек», - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда оқулықтардың 40 проценті жалпыға білім беретін мектептерге жеткізілген, сондықтан бұл жұмыста әлі де шапшаңдық керек.

«Жыл сайын оқулық сапасы мәселесі көтеріледі. Қоғамның бұл реттегі наразылы айтарлықтай. Біз оның көбісінің орынды екенімен келісуіміз керек. Шынымен де қателер бар ғой. Оқулықты дайындайтын біз бе, онда оның сапасына, жұмыстың тиімділігіне де біз жауап беруіміз керек. Қанша оқулық жеткізілді, әлі бар істейтін біздің жұмыс», - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары