$ 444.22  476.38  4.82

Абай өлеңдері Иранға жетті

Майра Нұрмақова поэзия эстафетасын Қазақстандағы барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жолдады.

Хакім Абайдың 175 жылдығына орай өтіп жатқан ұлы ақынның өлеңдерін оқу эстафетасы Иранның Шираз қаласында жалғасын тапты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан Иранға туристік сапармен келген зейнеттегі қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы Нұрмақова Майра Шираз қаласына сапары барысында парсы поэзиясының әйгілі шайырлары Хафиз бен Сағдидің кесенелерін зиярат етіп, қазақтың ұлы ақыны Абайдың  "Сегіз аяқ" және "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңдерін жатқа оқып, эстафетаны жалғастырды.    

Айта кетсек, Майра Нұрмақова поэзия эстафетасын Қазақстандағы барлық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай