Қызылордалық оқушы Нұрай Өмірзақова қазақтың кемеңгер тұлғасы – Абайдың 200-ден астам өлеңін жатқа біледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінде ол Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 10 сыныпта тәлім алады. Абай шығармаларына алғаш 3 сыныпта оқып жүргенде қызығушылық танытқан екен.
Сол уақытта ата-анасы оған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқуға кеңес береді. Содан бері Нұрайдың Абай шығармаларына деген қызығушылығы арта түсіп, ақынның өмірі мен шығармашылығын білуге құлшына кіріскен.