$ 447.4  477.55  4.76

«Өтірік отчеттар әшкере болды»: технология дәуіріндегі қазақ шатырдан «интернет аулап» жүр (ФОТО)

«Қаладан 60 шақырым жердегі ауылда интернет жоқ. Теректі ауданы Талпын ауылы. Жағдайы бары уай-фай қосып алған. Бірақ оның өзі тартпайды. Аты ғана. Уатсаптың видеозвоногы да арман», - дейді журналист.
фото: oraloniri.kz
фото: oraloniri.kz

Сонымен, қашықтан оқу жүйесі не болып жатыр? Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 3,2 миллион оқушы оқып жатқан көрінеді. Бірақ, елімізде мүлде интернет байланысы жоқ, телеарна көрсетпейтін 57 ауыл бар. Ал қалғандары шатырға шығып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдымен бұған дейін жазған материалдарымызға шолу жасап көрсек...

Біріншіден, бүгінде «цифрлы» Қазақстанның 20 мың оқушысы тапсырманы конвертпен қабылдайды.

Екіншіден, халық Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына бөлінген 141 миллиардтан астам теңгені қалай жұмсағаны туралы есеп беруін сұрап отыр.

Үшіншіден, шенеуніктер ауылда теледидары, қалада компьютері жоқ халық көп екенін осы қашықтан оқытудың «арқасында» бір-ақ білді.

Төртіншіден, шалғайдағы болашағы бұлыңғыр ауылдар тұрмақ, елорданың дәл іргесіндегі Талапкер, Қажымұқан ауылдарының тұрғындары WhatsApp арқылы хат алысу үшін үйдің шатырына шығып жүр.

Шатыр демекші, әріптесіміз Ардақ Мұратқызы таяуда facebook парақшасына БҚО Теректі ауданына қарасты Талпын ауылы жастарының да шатырға шығуға «талпынған» суреттерін жариялады.

«Қаладан 60 шақырым жердегі ауылда интернет жоқ. Теректі ауданы Талпын ауылы. Жағдайы бары уай-фай қосып алған. Бірақ оның өзі тартпайды. Аты ғана. Уатсаптың видеозвоногы да арман.

Мына індет білім саласындағы бар-жоқтың бетін ашты. Өтірік отчеттар әшкере болды. Енді 80 мың компьютер мен планшет сатып алмақшы министрлік. Жалпы, төтенше жағдай салдарын жоюға 40 млрд теңге бөлінген осы кезге дейін...

Осыдан екі жыл бұрын Алтай Көлгінов әкім боп тұрғанда айтқан еді: «200-дей ауылға интернет қосамыз, сонда 200-дей мектеп оқушылары ғаламтордан тарықпайды» деп...

Шығыстағыдай тау-төбе жоқ бізде, сосын да шатыр мен шөп үстінде отырады оқушылар» деп жазған еді ол сонда.

Жә, бұдан әрі сол суреттер «сөйлесін»:

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары