Білім & Ғылым 16.09.2020 сағат 18:00

Кенесары ханның қарындасының мәйіті табылды

Абылайдың ұлы Қасымның бәйбiшесi Айкүмiстен алты бала тарайды. Кенесары, Саржан, Есенгелдi, Көшек, Ағатай және Бопай.
Кенесары ханның қарындасының мәйіті табылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кенесары ханның патшалық экспансияға қарсы күрескен жорықтарын көпшілік жақсы біледі. Мүрдесі қырғыз жерінде деп, басы өзі күрескен патшалық елдің бір қуысында деп тарихты топшылайтынымыз белгілі. Осы күресті жолға жан аямай дем берген бір тұлған Хан Кененің туған қарындасы Бопай ханша.

Абылайдың ұлы Қасымның бәйбiшесi Айкүмiстен алты бала тарайды. Кенесары, Саржан, Есенгелдi, Көшек, Ағатай және Бопай. Бопай бойжеткен шағында Әбілқайырдың Сәмеке деген ұлына ұзатылады. Сәмеке екеуінің шаңырағынан алты ұл өмірге келеді. Кейiн алты ұл ержетiп, анасымен бiрге атқа қонып, Кенесарының сарбаздарының қатарына аттанды. Бопай ханшаны тарихи деректер де, Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романы да батыл, ержүрек, күрес жолындағы тақымының текке қысылмағанын дәлелдеп жазады. Әскерге қажетті алым-салықтарды жинауды Кенесары қарындасы Бопайға сеніп тапсырған. Ол осы әскерді тұрақты ұстап тұруға қажетті дүниелерін түгендейтін 600 сарбаздан тұратын жасақты басқарған. Кенесары хан тағдырының қайғылы аяқталуымен, ен даланы дүбірлетіп өткен жорықтардан бүгінде тек қана аңыздар ғана сол ерліктердің шежіресінен сыр шертетіндей.

Осынау аты аңызға айналаған қазақтың қызының есімі ұрпақ жадына ұлттық патриотизмнің жарқын үлгісі болып тұұрады. Соңғы жылдары Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тарихты түгендеп, тұлғалары тірілмесе де, ерлік жолдарын жаңаша насихаттау мақсатында «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» жобасы қолға алынып жүр.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазақстанның киелі жерлері географиясына» республикалық деңгейде енгізілген 10 нысанның қатарына Кенесары ханның қарындасы Бопай ханым жерленген қорымы да енгізілді. Бұл тарихи мекеннің орналасқан аумағы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Кілемжайған ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. Жер атауы да ханшаның атымен Бопай аталады. Жер атаулары сөйлесін.

Дереккөз: Oinet.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар