Саясат 23.03.2023 сағат 22:30

Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар