$ 494.87  520.65  4.91

Жер дауында «итпен іздеп» таппаған депутаттар 900 мың теңге алатындай не істеді? — блогер

Мәжіліс депутаттарының айлық жалақысының өскені туралы ақпарат қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр. Халық қалаулыларының өздері «айлығымыздың өсуі негізді» деп ақталса, қоғам белсенділері бұған наразы.

Танымал блогер Айгүл Орынбектің пікірінше, оқушылардың тамағы мен көпбалалы аналардың жәрдемақысынан үнемдеп, депутаттардың жалақысын өсіру — сау адамның ақылына қона бермейтін әрекет.

«Мұғалімдерді қинап, ЭКСПО-ға жетпей жатыр деп билетке 4000 теңгеден жинайды. Артынша депутаттардың айлығын көтереді. Оу, халыққа аянбай қызмет етушілер, мынадай айлықпен ұялмай қалай тыныш ұйықтап жүрсіздер? Балалардың ыстық тамағы, аналардың жəрдемақысы мазалап жатқан жоқ па? 900 мың айлық алатындай не істедіңдер? Жер дауында, 26-бапты талқылағанда қайда болдыңдар? Итпен іздеп таппадық қой! Бір жыл бойы Жолдауды елге таныстырғаннан басқа не істедіңдер?», — дейді А.Орынбек өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, кеше Мәжіліс депутаттарының жалақысы 30-50 пайызға дейін өскені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін депутаттардың өзі бұл ақпаратты растады. Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко болса мәжілісмендер айлығының өсуін негізді екенін айтып, бұл жаңалықты 4 жылдан бері күтіп жүргендерін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары