$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жаңа министрлік пайда болуы мүмкін

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева бүгін Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы барысында отбасы мәселелеріне қатысты жаңа министрлік құруды ұсынды.

Депутаттың айтуынша, елімізде отбасы, әйелдер мен жастар проблемаларын шешуге арналған бірде-бір орган жоқ. Осыған орай Балиева премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтан жаңа министрлік құруды сұрап отыр.

"Бүгінгі таңда жастар ісі бір министрліктің қарауында болса, балалардың құқығын қорғау мәселесімен өзге министрлік айналысады. Ал, отбасы мәселелерімен айналысатын бірде-бір мемлекеттік орган жоқ. Менің бұл ұсынысым қараусыз қалмайды деп үміттенемін. Ең болмағанда осы мәселелердің бәрін бір министрліктің қарауына береді деп ойлаймын", - деді Зағипа Балиева.

Еске салайық, биыл ақпан айында Балиева министр Ерлан Сағадиевке оқушылар мен мұғалімдерді жақсы көріп үйренуге кеңес беріп, білім саласындағы қисынсыз реформаларды жүргізбеуге шақырған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары