$ 498.34  519.72  4.85

Өскемен әкімі өз еркімен қызметінен кетті

Бүгін Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы YK-news.kz порталы хабарлап отыр.

Қала басшысы тілшілерге берген сұхбатында отбасылық жағдайына байланысты отставкаға кетуге мәжбүр болғанын айтқан. Аймұқашевтің сөзінше, оның қарт әкесі науқастанып қалыпты. Әкесінің жанында болу үшін ол әкім лауазымынан бас тартқан. Бұл шешіміне қала тұрғындары түсіністікпен қарайтынына да ол сенімді.

"Ерлан Аймұқашевтің қызметінен кетуі Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен келісілді. Қазір оның отставкасын ҚР Президентінің әкімшілігінде қарап жатыр. Қаланы бұдан кейін кімнің басқаратыны да әлі белгісіз", - делінген аталған басылымда.

Тілшілердің хабарлауынша, Өскемен әкімінің міндетін уақытша Арман Ысқақов атқарып отыр. Ол бұған дейін әкімнің орынбасары болған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары