Францияның ішкі істер минитсрлігі кеше елде өткен президенттік сайлаудың екінші турында кандидаттарға берілген дауыстарды түгелдей санап бітті. Бұл жайында РИА Новости агенттігі хабарлады.
Сайлаудың қорытынды нәтижесіне сәйкес, «Алға!» саяси қозғалысының көшбасшысы Эммануэль Макрон сайлаушылардың 66,06 пайыз даусын жинаған. Ал, оның қарсыласы, «Ұлттық фронт» партиясының өкілі Марин Ле Пен болса 33,94 пайызбен сайлауды аяқтап отыр.
Айта кету керек, 3 миллион Франция азаматы билікке наразылық ретінде урналарға бос бюллетень тастаған. Тағы 1 миллион тұрғын бюллетендерін мүлдем бүлдіріпті.
Ішкі істер министрлігі барлық бюллетендердің 99,99 пайызын санап шыққанын мәлімдеді.