$ 449.58  486.94  4.86

«Мәңгілік Ел» – жасампаздыққа жол

Кеше ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының XVІІІ сессиясы өтті. «Мәңгілік Ел» – жалпықазақстандық бірегейлік негізі» тақырыбындағы жиынға облыс әкімі А.Мырзахметов төрағалық етті. Сессия жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Халмурадов қатысты.

Сессияны ашқан облыс әкімі Асқар Исабекұлы өңір жұртшылығы мен түрлі этнос өкілдерін биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келген Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады.

– 2015 жыл ел тарихында елеулі орын алатын айтулы оқиғаларға толы. Бұл Ассамблея жылының елдің бірлігі мен ынтымағына үлес қосып жүрген сіздер үшін маңызы зор. Елбасы бес институционалдық реформа аясында 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жариялады. Халық өмірінің барлық салаларын қамтитын 100 нақты қадамды іске асыру қоғам мен мемлекетті қайта қалыптастыруға бағытталған, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Р.Халмурадов.

Сөз соңында Розақұл Сатыбалдыұлы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған облыс әкімі А.Мырзахметовке награданы табыс етті.

Сессия барысында ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов және облыстағы бірқатар этномәдени бірлестік өкілдері сөз сөйлеп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Сонымен қатар, ел бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін бірқатар азаматтар марапатталды. Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық наградасымен, облыстық мәслихат депутаты Б.Нишанкулов «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, «Эластополимет» АҚ директоры М.Коростелева мен ОҚО ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Я.Сапаеваға Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет Грамотасы тапсырылды.

Өңірдегі этностар арасындағы достық пен қатынасты нығайтудағы жасампаз еңбегі үшін «Айғақ» ЖШС-нің бас директоры Д.Әбіш, Түлкібас аудандық славян этномәдени бірлестігінің төрағасы С.Скляров, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы С.Акбердиева, Кентау қалалық этномәдени бірлестігінің төрағасы Х.Абдувалиев, ОҚМПИ проректоры Ж.Қобланов, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Т.Мухаметов облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығын иеленді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары