Алматы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер орын алды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Алматы қаласы әкімінің үш орынбасары — Юрий Ильин, Зәуреш Аманжолова және Мұрат Құдышев басқа жұмысқа ауысуларына байланысты қызметтен кетті. Осыған байланысты, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарына Қырықбаев Арман Оразбайұлы және Жүнісова Әсел Абылайқызы тағайындалды», — делінген хабарламада.
Арман Қырықбаев ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың жұмыстарына жетекшілік етсе, Әсел Жүнісова экономика, бюджеттік жоспаралу және қаржы мәселелерімен айналысатын болады.