$ 448.56  478.03  4.79

Назарбаевтың костюмі қанша тұрады?

Нұрсұлтан Назарбаевтың киген отандық өндірістегі костюмі 45 мың теңге тұрады. Бұл туралы дизайнер Айжани Нұрланова әңгімелеп берді  деп жазады Tengrinews.kz. Сондай-ақ,  ол Made in Kazakhstan костюмдерінің және өзге де құпиялары жөнінде айтты.

Қазақстандық модельердің айтуынша, олар Мемлекет басшысына арналған костюмдерді үш жыл бойы тігіп келеді. «Біздің кәсіпорын 2013 жылы ашылғалы бері біз костюм тіге бастадық, Президент Назарбаев келгенде де, көрме кезінде де, біз өз өнімімізді оның көмекшілеріне бердік. Осы уақыттың ішінде шамамен бес костюм беріп жібердік, міне таяуда ғана Елбасы қазақстандық тауарлар сапасының қандай екенін көрсете бастады», - деді отандық кутюрье.

Дизайнердің сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып тігілетін костюмдердің маталары мен технологиясы қалған өнімдерге дәл солай қолданылады. «Біз Елбасының костюміне алтын жіп немесе ерекше маталарды қолданған жоқпыз, алайда кейбіреулер солай ойлайтын сияқты. Президенттің киімінің өзіндік бағасы шамамен 40 мың теңге. Ал сатып алушылар дәл сондай костюмді дүкендерден 45 мыңға сатып ала алады», - деді дизайнер.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшілерінің айтуынша, ол біздің костюмдерді шетелге де қуана ала барады. Бәріне көрсетіп, Қазақстанда осындай сапалы дүниелердің шығатынымен мақтанады. Мысалы соңғы болған ірі халықаралық сапарларда, яғни БҰҰ саммитінде және Сочидегі форумда Мемлекет басшысы қазақстандық костюмдерді киіп, көрсеткен», - дейді Айжани.
Нұрланованың айтуынша, Мемлекет басшысы оның костюмін киіп шыққалы бері сұраныс күрт ұлғайған. «Біздің сатып алушылардың басым бөлігі шенеуніктер, олар Президент жарнамалағаннан кейін дүкендерімізге өтінішті жаудыра бастады. Бастапқыда олар сапасына қарамастан біздің костюмдерді сатып алып жүрді. Қалай десем екен, Президентіміздің үндеуіне қолдау көрсету үшін ғана. Алайда олар тауарлардың сапасын көріп, бірден 3-4 костюмге тапсырыс беретін болды», - деді Айжани Нұрланова.
Нұрланованың айтуынша, қазір оның клиенттерінің арасында көптеген танымал мемлекет қайраткерлері, шенеуніктер мен шетелдік қонақтар бар. «Шетелдіктер жиі сатып алатын болды. Мысалы, Үндістан елшілігінің қызметкері өзінің императорлық тігіншісінен бас тартты. Оларға біздің тауарлар қатты ұнады, олардың айтуынша, дене пішіндерінің күрделілігіне қарамастан біздің киімдер оларға жақсы тұрады», - деді ол.

Айта кетейік, костюмдерді шығарушы цех Шымкентте орналасқан, тауар бағасына әсер етпеу үшін арзан жұмыс күші де қолданылады. Кәсіпорындағылардың айтуынша, орташа есеппен бір минутта бір костюм тігіледі, ал күніне - 400 дана. Айта кетейік, мұндай кәсіпорын елімізде жалғыз ғана. Бұл фирманың өнімдерін Шымкенттегі және Астанадағы бутиктерден сатып алуға болады. Айжани Нұрланова дүкендерінің желісін республиканың барлық аймағында ашуды жоспарлап отыр. Ал бұл тізімде бірінші орында Қарағанды мен Атырау тұр, себебі бұл өңірлерде отандық өнімдерге деген ілтипат өзгеше.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары