$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент қаласының əкімі сайлауда алғашқы болып өз таңдауын жасады

Бүгін – ҚР Президентін сайлау күні. Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінде сағат 7:00-ден дауыс беру басталып кетті. Сағат тілі 7-ні соққанда, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиядағы №92 сайлау учаскесінде мемлекеттік әнұран орындалып, ең бірінші болып ішке Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов кірді. Жалғыз емес, қасында әріптестері бар. Осылайша ол саяси таңдауын жасады.

– Бұл саяси іс-шара еліміз үшін өте маңызды. Ең бірінші болып әріптестеріммен бірге келіп дауыс беруді ұйғардым. Бұл – болашағымды таңдау. Барша қала тұрғындарын өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге шақырамын. Бәрінде өз таңдау құқығы бар, – деді қала әкімі.

Еске салсақ, аталмыш учаскеде 2504 сайлаушы тіркелген. Оның 35-і – мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал берілген бюллетеньдер саны 2529 болса, 7 байқаушы саяси сәттің заңға сәйкес жүруін бақылайтын болады. Дәл қазір мұнда 11 қызметкер жұмыс істеуде.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары