Мемлекет басшысы бірқатар еуропалық елдерде Қазақстанның дипломатиялық миссияларын қайта құру туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.
Президент Таллинн қаласындағы Қазақстан Республикасының консулдығын Эстония Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды.
Братиславадағы дипломатиялық миссия Словак Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.
Лиссабон қаласындағы дипмиссия Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі болып қайта құрылды.
Ригадағы дипмиссия Латвия Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.
Қазақстанның Белград қаласындағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.
Қазақстанның София қаласындағы дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы елшілігі болып қайта құрылды.