$ 494.87  520.65  4.91

«Билікке сатылып кетпейсің бе?»: блогер Айгүл Орынбек Ұлттық кеңеске не үшін кіргенін айтты

Ең бастысы, саяси ойынның құрбаны болмай, халықтың алдында абыроймен жүруді жазсын!», - деді ол.
Фото: SN.kz
Фото: SN.kz

Заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек Ұлттық кеңеске не үшін кіргенін түсіндірді. Сондай-ақ, Кеңес мүшесі атанғаны үшін сынаған жұртшылыққа да тіл қатты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 «Ұлттық кеңеске кіргенім кейбіреулерге ұнамай жатыр екен. Ұнатпай сыпсың өсек айтып отырған азаматтар, қандай аяныштысыңдар! Қазіргі қазақ тілі қоғамының мәртебесі өте төмен. Құқықтары тапталып, шет елдік компаниялардың алдында жігіттеріміз құл болып, көмек керек болған кезде қайда болдыңыздар? Маған революция емес, қоғамдық эволюция керек. Халықтың құқықтық сауаты ашылып, жоғарыда отырған шенеуніктерден өз құқықтарын талап еткені керек! Жұрт білімді болса, жоғарыда отырған кейбір мәңгүрттер өз білгендерін жасамас еді», - деді Айгүл Орынбек. 

Сонымен қатар, ол алғашында Кеңеске кіруге қарсы болғанын айтты.

«Мен кірмесем, кез келген мәңгүрт менің орныма кіріп, өз ойын тықпалайды! Одан кейін қазақтың жағдайы қайдан жақсарсын? Дәл қәзіргі таңда билік маған бір қадам жасап, ұсыныс тастады. Неге билікке де бір қадам жасамасқа деген ой келді?! Себебі соңғы кездері маған халықтың тарапынан «барлық мәселелерді неге ғаламторда ғана көтеріп, жаза бересің» деген сұрақтар көп қойылады. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, халықты толғандырып жүрген мәселелерді Ұлттық кеңесте көтерсем деп ойладым. Сол себепті ұсынысты қабылдадым. Халықтың мұң-зарын билікке жеткізуге керемет мүмкіндік! Кеңестен шыға салу ешқашанда кеш емес!», - деп жазды заңгер Facebook-парақшасында.

Сондай-ақ, блогер көпшіліктің мазасын алған сұраққа да жауап берді.

«Билікке сатылып кетпейсің бе?» деген сұрақтар түсуде! Бұл қоғамдық жұмыс, ешқандай айлық төленбейді! Мен билікке қаржылай тәуелді емеспін! Бұл үлкен жүк. Ең бастысы, саяси ойынның құрбаны болмай, халықтың алдында абыроймен жүруді жазсын!», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары