$ 449.3  489.69  4.89

Қазақстанның бас қаласында ірі спорттық іс-шара өтпек

Елордадағы әлем біріншілігі Токио-2020 Олимпиада ойындарының лицензиялық іріктеу турнирі болып отыр

14-22 қыркүйек аралығында Қазақстанның бас қаласында ірі спорттық іс-шара өтпек. Нақтырақ айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы грек-рим, еркін, әйелдер күресінен әлем чемпионатын қабылдайды, деп жазады BAQ.KZ.

Елордадағы әлем біріншілігі Токио-2020 Олимпиада ойындарының лицензиялық іріктеу турнирі болып отыр.

2005 жылға дейін күрестің үш түрінен әлем чемпионаты жеке-жеке өткізіліп келген. Алайда, халықаралық күрес федерациясы үшеуін біріктіруді бірауыздан қолдады. Біріктіру арқылы әлем чемпионатының мәртебесін артырып, жанкүйерлерді көптеп тартуды көздеген болатын. Осыдан бастап, балуандардың басты жарысын 4 рет Венгрия астанасы Будапешт қаласы қабылдаған. Атап айтқанда, бұл қалада әлем чемпионаты 2005, 2013, 2016, 2018 жылдары ұйымдастырылған. Бұл жағынан Будапашет сөзсіз рекордсмен атанып отыр. 

 

Күрестің үш түрінен өткен әлем чемпионатын әлемнің мынандай ірі қалалары қабылдаған: Будапешт (Венгрия, 2005), Гуанчжоу (Қытай, 2006), Баку (Әзербайжан, 2007), Хернинг (Дания, 2009), Мәскеу (Ресей, 2010), Ыстамбұл (Түркия, 2011), Будапешт (Венгрия, 2013), Ташкент (Өзбекстан, 2014), Лас-Вегас (АҚШ, 2015) және Париж (Франция, 2017), Будапешт (Венгрия, 2018).

Олимпиада жылдарында (2008, 2012 және 2016) әлем чемпионаты өзгеріске ұшырады. Мысалы, 2008 жылғы Токиодағы және 2012 жылғы Альбертадағы (Канада) әлем біріншілігі тек әйелдер арасында өтсе, 2016 жылы Будапешттегі чемпионат олимпиадалық емес салмақ түрінен ұйымдастырылды.

Төменде әлем чемпионаттарын қабылдаған барлық қала көрсетілген:

Грек-рим күресі

1904 – Вена (Австро-Венгрия), 1905 – Берлин (Германия империясы), 1907 – Франкфурт-на-Майне (Германия империясы), 1908 – Вена (Австро-Венгрия), 1909 – Вена (Австро-Венгрия), 1910 – Дюссельдорф (Германия империясы), 1911 – Хельсинки (Ресейлік империя), 1913 – Бреслау (Германия империясы), 1920 – Вена (Австрия), 1921 – Хельсинки (Финляндия), 1922 – Стокгольм (Швеция), 1950 – Стокгольм (Швеция), 1953 – Неаполь (Италия), 1955 – Карлсруэ (ФРГ), 1958 – Будапешт (Венгрия), 1961 – Иокогама (Жапония), 1962 – Толидо (АҚШ), 1963 – Хельсингборг (Швеция), 1965 – Тампере (Финляндия), 1966 – Толидо (АҚШ), 1967 – Бухарест (Румыния), 1969 – Мар-дель-Плата (Аргентина), 1970 – Эдмонтон (Канада), 1971 – София (Болгария), 1973 – Тегеран (Иран), 1974 – Катовице (Польша), 1975 – Минск (КСРО), 1977 – Гётеборг (Швеция), 1978 – Мехико (Мексика), 1979 – Сан-Диего (АҚШ), 1981 – Осло (Норвегия), 1982 – Катовице (Польша), 1983 – Киев (КСРО), 1985 – Кульботн (Норвегия), 1986 – Будапешт (Венгрия), 1987 – Клермон-Ферран (Франция), 1989 – Мартиньи (Швейцария), 1990 – Рим (Италия), 1991 – Варна (Болгария), 1993 – Стокгольм (Швеция), 1994 –Тампере (Финляндия), 1995 – Прага (Чехия), 1997 – Вроцлав (Польша), 1998 – Евле (Швеция), 1999 – Афины (Грекия), 2001 – Патры (Грекия), 2002 – Мәскеу (Ресей), 2003 – Кретей (Франция).

Еркін күрес

1951 – Хельсинки (Финляндия), 1954 – Токио (Жапония), 1957 – Ыстамбұл (Түркия), 1959 – Тегеран (Иран), 1961 – Йокогама (Жапония), 1962 –Толидо (АҚШ), 1963 – София (Болгария), 1965 – Манчестер (Ұлыбритания), 1966 – Толидо (АҚШ), 1967 – Нью-Дели (Индия), 1969 – Мар-дель-Плата (Аргентина), 1970 – Эдмонтон (Канада), 1971 – София (Болгария), 1973 – Тегеран (Иран), 1974 – Ыстамбұл (Түркия), 1975 – Минск (КСРО), 1977 –Лозанна (Швейцария), 1978 – Мехико (Мексика), 1979 – Сан-Диего (АҚШ), 1981 – Скопье (Югославия), 1982 – Эдмонтон (Канада), 1983 – Киев (КСРО), 1985 – Будапешт (Венгрия), 1986 – Будапешт (Венгрия), 1987 – Клермон-Ферран (Франция), 1989 – Мартиньи (Швейцария), 1990 – Токио (Жапония), 1991 – Варна (Болгария), 1993 – Торонто (Канада), 1994 – Ыстамбұл (Түркия), 1995 – Атланта (АҚШ), 1997 – Красноярск (Ресей), 1998 – Тегеран (Иран), 1999 – Анкара (Түркия), 2001 – София (Болгария), 2002 – Тегеран (Иран), 2003 – Нью-Йорк (АҚШ).

Әйелдер күресі

1987 – Лёренскуг (Норвегия), 1989 – Мартиньи (Швейцария), 1990 – Лулео (Швеция), 1991 – Токио (Жапония), 1992 – Вийёрбан (Франция), 1993 –Ставерн (Норвегия), 1994 – София (Болгария), 1995 – Мәскеу (Ресей), 1996 – София (Болгария), 1997 – Клермон-Ферран (Франция), 1998 – Познань (Польша), 1999 – Буден (Швеция), 2000 – София (Болгария), 2001 – София (Болгария), 2002 – Халкида (Грекия), 2003 – Нью-Йорк (АҚШ).

Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионатына билетті MmБилеттерді Kassir.kz, Ticketon.kz және Zakazbiletov.kz сайттарынан сатып алуға болады. Әлем чемпионатының билеті 1000 теңгеден басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары