$ 494.87  520.65  4.91

Алмазбек Атамбаевтың Қой-Тас ауылындағы үйіне кіре алмай қайтты

Бұған дейін парламенттің арнайы комиссиясы Алмазбек Атамбаевтың бірнеше қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Қырғызстан ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Каниметов пен тергеу тобының бастығы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың Қой-Тас ауылындағы үйіне кіре алмай қайтты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Атамбаевтың кеңесшісі Құндыз Жолдыбаеваның айтуынша, бұрынғы мемлекет басшысы экс-президент мәртебесінен айыру туралы депутаттардың шешімімен келіспеген, оның арызы қараша айында қаралады.

Бұған дейін парламенттің арнайы комиссиясы Алмазбек Атамбаевтың бірнеше қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген қорытындыға келді.

Бас прокурор қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін жариялады. Маусым айының соңында парламент экс-президентті ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары