$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев: «Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет»

«Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін», - деді Тоқаев.
Фото: Информационно-развлекательный портал Нур-Султан
Фото: Информационно-развлекательный портал Нур-Султан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған қорықшының жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Президент Twitter-парақшасында жазды. 

«Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін», - деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін браконьерлердің қолынан бір инспектор қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз. Марқұм инспектордың артында 4 баласы қалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары