$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ виза қабылдады

Бастапқыда қос тараптың арасында қарама-қайшылық та туындаған.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Орталық Азия елдерінің өз «шенгені» әзірленуі мүмкін екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Қазақстан және Өзбекстан тарапы аталмыш мәселеде келісімге келе алды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл туралы Өзбекстан мемлекетінің вице-премьері Азиз Абдухакимов мәлімдеді.

Абдухакимовтың айтуынша, бастапқыда қос тараптың арасында қарама-қайшылық та туындаған. Қазақстан жаңа виза жасауды ұсынса, өзбекстандықтар электронды виза берудің біріккен жүйесін енгізуді жөн санаса керек. Бұл туралы Еadaily жазады.

– Келіссөздер бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік. Қазір техникалық бөлшектермен көбірек жұмыс істеп жатырмыз. Айталық, құқық қорғау органдарының, қауіпсіздік қызметінің жұмысы мен екі ел арасында қолайлы логистика құруға байланысты мәселелер қарастырылуда, – деп мәлімдеді вице-премьер.

Айта кетейік, Жібек жолының визасын 2019 жылдың ақпан айында енгізбек болған. Алайда, келіссөздер үдерісі ұзаққа созылды.

Ал жоғарыда аталған екі ел арасындағы келіссөз сәтті аяқталып, ортақ виза жүйесі енген жағдайда, Қазақстанға немесе Өзбекстанға заңды негізде келген кез келген шетелдік азамат әр мемлекеттің визасын жеке-жеке алмастан, екі елдің аумағында еркін жүре алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары