Саясат 20.08.2019 сағат 07:08

Ресей қазақстандық студенттер туралы мәліметтер берді

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі қазақстандық студенттер туралы мәлімет берді.
Ресей қазақстандық студенттер туралы мәліметтер берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2019 жылдың алғашқы жартысында Ресейге Қазақстаннан 60 мыңға жуық студент оқуға барған.

Федералды қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі берген мәлімет бойынша, биыл жыл басынан бері Ресейге білім алу үшін 181,5 мың адам келіпті. Олардың төрттен бірі – Қазақстан азаматтары (59,3 мың адам). Қытайдан келген студенттер саны – 21,2 мың, өзбекстандықтар – 14 мың, украин студенттері – 13,7 мың, деп хабарлайды  РБК.

Ал 2018 жылдың басында Ресейде 274 мың шетел студенті біліп алған екен. Ресей Федерациясының білім министрлігінің мәліметінше, студенттер саны бойынша бірінші орынды Қазақстан иеленді (65,6 мың), екінші орынды  — Түрікменстан (27,4 мың), үшінші орынды  — Өзбекстан (25,7 мың), төртінші орынды — Қытай (18,3 мың).

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті деректеріне сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанға білім алуға 9,8 мың шетел студенті келді. Білім алушылардың басым көпшілігі – Өзбекстан азаматтары (69,9 мың), одан кейінгі орында Түрікменстан (1,34 мың), Үндістан (812), Қырғызстан (751) және Ресей (466).

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар