$ 491.7  531.28  5.07

Шетелдік азаматтар тіркеуден электронды портал арқылы өтеді

Мемлекет аумағанда визасыз болатын 9 елдің азаматтары 5 күн ішінде электронды порталға тіркелуі тиіс. Көші-қон қызметіндегілер алдағы уақытта шетелдіктер шекарада жоғарыда айтылған тәртіп бойынша тіркеуден өте алатынын айтты.

Қазақстан аумағына визасыз режимде кіре алатын шетелдік азаматтар тіркеуден енді SMS және арнайы электронды портал арқылы өтеді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы осы мәселені жеңілдетуді тапсырған болатын. Кеден бекетіндегі полиция ол үшін қандай шаралар қолданып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.      

Мемлекет аумағанда визасыз болатын 9 елдің азаматтары 5 күн ішінде электронды порталға тіркелуі тиіс. Көші-қон қызметіндегілер алдағы уақытта шетелдіктер шекарада жоғарыда айтылған тәртіп бойынша тіркеуден өте алатынын айтты.

«Көші-қон туралы» заңдағы өзгертулерге сәйкес, міндетті тіркеудің уақыты бес күннен отыз күнге дейін болады. Елімізге келешу меймандарға 30 күн аздық етсе, қонақ үй немесе хостел, электронды үкімет, көші-қон қызметі арқылы ұзарта алады. 

«Бүгінде E-Hotel аталатын жүйені енгізу мәселесі қаралуда. Мұндай жүйе бойынша шетелдік азаматтарды қабылдайтын заңды тұлғалар, жекелей алғанда қонақ үйлер, хостелдер оларды орналастырумен қатар, ел аумағында тіркейді. Осылайша, шетелдік азамат ХҚО-ға бармайды. Сондай-ақ шетелден келген қонақ еш кедергісіз SMS-хабарлама арқылы тіркелу мәселесі талқыланып жатыр», - дейді ІІМ-нің көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сәрсенова.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары