$ 498.34  519.72  4.85

Жастар «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына қатыса алмайды

Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды.

Мемлекеттен сатып алу құқығынсыз, жалдамалы пәтерді 5 жыл мерзімге алған жастар баспана бойынша басқа бағдарламаларға қатыса алмайды, – деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы qamshy.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Осы бағдарлама арқылы жастар жалдамалы үйді алып жатса, ол үміткер баспана бойынша екі тізімде бола алмайды. Яғни  баспана бойынша басқа бағдарламалардағы кезектен шығарылады. Жалдамалы үйге ие болған азамат "7-20-25" секілді немесе басқа да әкімдіктің бағдарламасында тұрса, олардан автоматты түрде алынып қалады. Тек бір тізімде болады", – деді ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері бойынша комитет төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте.

Еске салсақ, 5-10 қараша аралығында елордада жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданады. Өтініш тек электронды түрде Smart Astana порталы арқылы қабылданады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары