Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген құрлысшысы Асан ДАВЛЕТОВ Бішкектің атын ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы қырғыз БАҚ-ры хабарлады, деп жазды "Жас Алаш" басылымы.
Биыл Қырғыз Республикасында Қырғыз компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Турдакун УСУБАЛИЕВТІҢ мерей тойы өтуде. 2019 жылдың 4-қараша күні Нарында мемлекет қайраткеріне арналған ескерткішті ашу салтанаты өтті. Асан Давлетов Усубалиевтың жүз жылдығы мемлекеттік дәрежеде өтпей жатқанын сынға алған еді.
«Усубалиевтің атына көше беруге болмайды. Неге елд астанасын Турдакун УСУБАЛИЕВТІҢ атымен атамасқа?», - деді Давлетов.
Турдакун Усубалиев 1919 жылы 6 қараша күні Нарын облысына қарасты Кочкор ауылында дүниеге келген. 1961-1985 жылдары қырғыз халқын басқарған. 1999 жылы Қырғыз Республикасының батыры атағына ие болды. 2015 жылы 96 жасында дүниеден озды.