09.03.2020, 07:45

Әйелдердің мереке қарсаңында шыққан шеруіне бетперде киген ер-азаматтар шабуыл жасады

Кейін алаңға полиция қызметкерлері келіп, шеруді ұйымдастырғандарды бөлімшеге алып кеткен. Ал шабуыл жасағандар полиция келген кезде қашып үлгерген.

Бішкекте әйелдер маршын ұйымдастырушыларға белгісіз адамдар шабуыл жасады, деп хабарлайды qamshy.kz, 24.kg-ге сілтеме жасап.

Кеше түсте белсенділер «Bishkek Feminist Initiatives» әйелдер маршын өткізу үшін Жеңіс алаңына жиналған. Алайда, шеруге шыққан әйелдерге белгісіз ер адамдар шабуыл жасап, алаңнан қуып шыққан.

Бетперде киген бірнеше ер адам плакаттарды тартып алып, жыртып тастаған. Кейін алаңға полиция қызметкерлері келіп, шеруді ұйымдастырғандарды бөлімшеге алып кеткен. Ал шабуыл жасағандар полиция келген кезде қашып үлгерген.

Тағы оқи отырыңыз: «8 наурыз – әйелдер құқығын еске алу күні!»: Алматыда жүзге жуық әйел рұқсат етілмеген шеруге шықты

Еске салайық, Бішкекте әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеру былтыр да өтті.