$ 494.87  520.65  4.91

«Құм жиылып тас болмас...»: қазақтың бүкіл олигархы жиналып бір Шодиевтей бола алмады

Еске сала кетсек, елбасының бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қорына Қазақстан меценаттары мен бизнесмендері тарапынан «тиын-тебен» (Шодиевтің жеке аударымымен салыстырғанда, әрине) түскен еді.
фото: fergananews.com
фото: fergananews.com

Белгілі қоғам белсендісі, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев facebook парақшасына: «Шодиев Өзбекстандағы вируспен күреске 200 млн доллар бөлді. Бұл – Қазақстандағы барлық олигархтар жинағаннан 5 есе көп» деп жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сол-ақ екен, еліміздегі ақша аударымдарына онша көңілі толмай, «құлазып» отырған көпшілік пікірді қарша боратты.

«Браво! Шын жүректен! Өз ел-жұртын мейіріммен, шынайы сүйетін патриот екені бірден көрініп тұр», «Жем болып біттік-ау!», «Біздің олигархтар ең «кедей» ғой. Сондай-ақ, Отанын сол басқалар сияқты сүйе алмайды. Тек қойнауы ғана керек оларға», «Қазақстан - алаяқтардың түпсіз әмияны», «Өз халқының нағыз патриоты! Біздікілердің содан үлгі алуы керек қой» десті ашынған жұрт. 

Еске сала кетсек, елбасының бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қорына Қазақстан меценаттары мен бизнесмендері тарапынан «тиын-тебен» (Шодиевтің жеке аударымымен салыстырғанда, әрине) түскен еді.

Атап айтқанда, Тимур Құлыбаев – 10 млн доллар, Айдын Рахымбаев – 2 миллион доллар, Кеңес Рақышев – 1 миллион доллар, Ғалымжан Есенов – 2 миллион доллар, Рашид Сәрсенов – 2 миллион доллар, Александр Клебанов – 2 миллион доллар және Александр Белович 2 миллион доллар аударған. Сонымен, барлығы 41 млн долларға әрең жетті.

Тағы оқи отырыңыз: «Мен қолдамаймын!»: елбасы үндеуіне үн қосқан белсенді жаңа қорға олигархтарды тартуды талап етті

Ал 1992 жылдан бері Машкевич және Ибрагимовпен серіктес болып, қазақ жерінен байып отырған Патох аканың патриоттық пәрмені – анау. Онымен салыстырмалы түрде алғанда, біздің қалталыларға қатысты тақырыптағы мақалдың толық нұсқасы еріксіз тіл ұшына орала береді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары