Саясат 17.06.2020 сағат 15:00

Алаш кезеңін зерттейтін қор құрылмақ

Қордың негізгі мақсаты – алыс-жақын шетел архивтеріндегі қазақ халқына тиесілі құжаттарды, әдеби-мәдени мұралар мен жәдігерлерді, шежіре мұрамызды отанымызға қайтару, тарихымыздың жоғалған, жыртылған беттерін түгендеу.
Алаш кезеңін зерттейтін қор құрылмақ
фото: e-history.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алаштанушы жас ғалымдар «Qyr balasy» қоғамдық қорын құрғанын ресми мәлімдеді. Қоғамдық қордың өз алдына бөлек ресми сайты құрылмақшы екен. Сайтта осы күнге дейін алаштану ғылымына қатысты барлық деректер жиналып, арнайы база жасамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде де қордың арнайы парақшалары ашылып, өз жұмысын бастаған. Қор басшылығының сөзінше, алдағы уақытта қордың жанындағы зерттеу орталығы мен баспасы біріккен сериялар бойынша кітап, анықтамалық шығарып, алашты тану ісін дамытпақшы. 

«Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін өткенді тану, тарихты білу – ең бірінші әрі маңызды мәселе. Ұзақ уақыт орыс империясының бодандығында, совет үкіметінің езгісінде болған қазақ елінің тарихын дұрыс жазу, шынайы беру – тарихшы ғалымдардың міндетіне, мақсатына айналған. Ақтаңдақтар тарихын шынайы жазу, ұлтымыздың елдік мүддесін көтеру, жоғалғанын табу, сөнгенін жағу, өлгенін тірілту, ұмытылғанын оралту қамымен архив ізденіп, құжат қопарып жүрген ғалымдар тобы Qyr balasy қоғамдық қорын құрды.Аталған қордың негізгі мақсаты – алыс-жақын шетел архивтеріндегі қазақ халқына тиесілі құжаттарды, әдеби-мәдени мұралар мен жәдігерлерді, шежіре мұрамызды отанымызға қайтару, тарихымыздың жоғалған, жыртылған беттерін түгендеу», - дейді қордың құрылтайшысы белгілі әдебиет тарихшысы, алаштанушы-ғалым Заңғар Кәрімхан. 

Оның айтуынша, қоғамдық қордың жанынан құрылған «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығын тарихшы, PhD ғылым докторы  Еркін Рахметолла басқарса, қордың атқарушы директоры жазушы-зерттеуші, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай,  ал «Qyr balasy» баспасына белгілі Алаш суретшісі жетекшілік етеді. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар