Саясат 29.07.2020 сағат 12:00

«Достарымды түрмеге отырғыздым»: экс-президент жемқорлықты жоюдың бір-ақ жолы барын айтты

"Шенеунікке керегі: үлкен идея, жоғары жалақы және оларды ештеңеге қарамай жазалай алатын құқық қорғау органдары", – дейді саясаткер.
«Достарымды түрмеге отырғыздым»: экс-президент жемқорлықты жоюдың бір-ақ жолы барын айтты
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Саясаткер, Грузияның экс-президенті Михеил Саакашвили қазақтарға жемқорлықты жеңудің жолын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның пікірінше қолынан іс келетін азаматтарды әкімшілік шектеуден арылтқан кезде ғана даму болады. Адамдарға идеясын жүзеге асырып, алға жылжуға кедергі келтірмеу керек. Бұдан бөлек, бірінші басшы өз билігін басқаларға бөліп беруден қорықпауы қажет.

"Менің кезімде Грузия экономикасы 4 есе өсті. Себебі мен белгілі бір салаға жауапты азаматтарға еркіндік бердім. Өз саласының мамандары орталықтандыру деген бұғаудан құтылып, өзін кішігірім президент сезінді. Олар атқарып жатқан игі істің көпшілігін теледидардан еститін едім.

Әлемдегі ең үздік кеден қызметін менің қатысуымсыз жүзеге асырды", – дейді саясаткер.

Коррупцияны қалай жеңгенін Саакашвили былайша баяндады:

"Бала кезгі достарымды түрмеге отырғыздым. Олардан бөлек 10 мыңнан аса кеден қызметкерін, 40-тан аса сотты абақтыға қамадым.

Шенеунікке керегі: үлкен идея, жоғары жалақы және оларды ештеңеге қарамай жазалай алатын құқық қорғау органдары", – дейді саясаткер.

Саакашвилидің айтуынша бір кездері жемқорлығы жағынан Грузия Қазақстаннан асып түспесе, кем түспейтін.

"Бірақ біз жазаны күшейттік. Бастапқыда бұл зорлық-зомбылық секілді көрінді. Кейін келе адамдарды мінез-құлқы өзгеріп, халық коррупциясыз өмір сүрудің пайдасын көре бастады", – дейді ол.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар