$ 447.4  477.55  4.76

Тараздағы ауруханада еден мен кір жуатындар да үстемақы талап етуде

«Мына шағымданып отырған адамдар науқастармен жұмыс істеп жатқан жоқ. Сондықтан оларға үстемақы қарастырылмаған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Кеше Тараздағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бірқатар жұмысшылары үстемақы талап етті. Олар негізінен осы аурухананың көлік жүргізушілері, қабылдау бөлімінде отыратындар мен еден және кір жуатындар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы болса, оларға үстемақы тиесілі емес деп кесіп айтты. Өйткені, бұл санаттағылар індетпен күресіп жатқан қауіпті аумаққа енбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Бізде қызыл және жасыл аймақ болып бөлінеді. Яғни, қызылы қауіпті. Онда ковидпен ауырған науқастармен дәрігерлер тікелей байланыста болады. Ал жасыл аймақтағы сырқаттанғандармен қарым-қатынас болмайды. Енді мына шағымданып отырған адамдар науқастармен жұмыс істеп жатқан жоқ. Сондықтан оларға үстемақы қарастырылмаған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жібек Исаева.

Алайда, жиналғандар бұл пікірмен келіспейді. Олардың сөзіне сенсек, 10-ға жуық әріптестері кеселді жұмыста жүріп жұқтырған.

«Қарастырсын приказды. Пунктты қарастырсын. Ішіне бізді енгізсін. Біз де адамбыз ғой. Ішінде жүрміз», - деп ашуланды аурухана жұмысшыларының бірі Қатира Жақашова.

Шын мәнінде, мемлекеттік комиссия бекіткен қаулыға сәйкес, үстемақы үш топқа ғана тиесілі. Бірінші топ – жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері.

Ал екінші топ – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері.

Үшінші топ – Карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары