27.08.2020, 21:28

«Қазақстан АҚШ-тың санкциясына ұшырауы мүмкін» - сарапшы

Фото: facebook.com/kuanys
COVID-19 вакцинасын ойлап тапқан Гамалей орталығы АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілген.

ҚР Денсаумині АҚШ санкциясына ұшырауы мүмкін. Мұндай болжамды қоғам белсендісі әрі сарапшы Қуаныш Еділхантегі жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz https://sn.kz/ ақпарат порталы.

Оның айтуынша, COVID-19 вакцинасын ойлап тапқан Гамалей орталығы АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілген.

«ҚР Денсаумині АҚШ санкциясына ұшырауы мүмкін. Егер ол ресейлік COVID-19 вакцинасын сатып алатын болса, онда АҚШ оған санкция салады. АҚШ ресейлік бес ғылми-зерттеу институтын, оның ішінде COVID-19 вакцинасын ойлап тапқан Гамалей Орталығы да бар, санкциялар тізіміне енгізді. Ақпар америкалық Қаржыминнің сайтында тұр.

ҒЗИ институттарының жұмыстары АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне зиянды деп табылған, өйткені бұл институттар әскери құрылымдармен тығыз байланысты. Бұлардың химиялық, биологиялық қару жасауға қатысы бар.

Санкцияға енгізілгендер: Қорғанысминінің Екатеринбург пен Сергиев Посадтағы ҒЗИ; Қорғанысминнің 33-ші Орталық ҒЗИ-і; Мем ҒЗИОХТ және Қорминнің 48-ші ОҒЗИ-і. Соңғысы Гамалей Орталығымен бірлесіп вакцина жасаған», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.

Оқи отырыңыз: «Ресей вакцинасын толық тексерістен өтпейінше, сатып алуға болмайды» - дәрігер

Естеріңізде болса, Қазақстандық делегацияның Мәскеуге жасаған сапары барысында ресейлік вакцинаны жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын. Қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Сапар аясында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті.

Оқи отырыңыз: «Ресейдің коронавирусқа қарсы вакцинасынан сақ болу керек» - ДДҰ

Тегтер: вакцина