$ 445.66  474.58  4.78

Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады

Қорғаныс министрінің екі орынбасарын тағайындады.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Мемлекет басшысының өкімдерімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов пен Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Аzattyq-ruhy сайты.

Дарын Тұяқов 2018-2019 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, 2019-2020 жылдары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болды.

Мұхамеджан Таласов 2017-2019 жылдары ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығының орынбасары, 2019-2020 жылдары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары