$ 498.34  519.72  4.85

Келесі президент Мәсімов боларының алғашқы нышандары байқалуда

Кешегі елордада өткен "Астана дуатлон-2016" жарысында ҚР Президент әкімшілігі басшысы Әділбек Жақсыбековтің әрекетінен осыны түсінгендей болдық. Астананың экс-әкімі премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әр әзіліне, тіпті, әр сөзіне ерекше ықыласпен күліп, барынша бабын табуға тырысқандай көрінді. Соған қарағанда, Кәрім Қажымқанұлын жақын болашақта қызметтік өсу күтіп тұруы мүмкі.

Олай дейтініміз, саясатта жүргендер Жақсыбековті "жыланның аяғын" көрген өте сұңғыла саясаткер, адам танығыш қасиеті бар екенін айтады. Бәлкім Әділбек Рыскелдіұлы Мәсімовтің саясаттағы болашағынан хабардар болар. Біздің билік жүйесінде премьер-министрден жоғары тек президенттің лауазымы тұрғанын ескерсек, Кәрім Қажымқанұлы өскен жағдайда Мемлекет басшысы болуы мүмкін.

Иә, бұл жай болжам ғана. Елбасымыз аман болса, Қазақстанды кемі тағы 4 жыл билейді. Елімізде президенттік мерзімнің 5 жыл екенін ескерсек, былтыр жаңадан сайланған Назарбаевтың алда тағы  төрт жыл уақыты бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары