$ 494.87  520.65  4.91

ШЫҰ саммитінде бейәдеп қылығымен көзге түскен ҚР өкілі - Президент әкімшілігінің қызметкері

Маусым айының соңында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Ташкентте өткен саммитінде Қазақстан өкілінің бейәдеп қылығын ең бірінші болып қырғыз БАҚ-тары жаппай жазған болатын. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың артында отырып, есінеп, саусағын сорған дипломаттың қазақ екенін де айтқан сол қырғыз журналистері. Ал, бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов аталған мемқызметкердің ҚР Президент Әкімшілігі хаттамасында жұмыс істейтінін айтып, ол үшін кешірім де сұрады.

Бейәдеп қылығымен көзге түскен дипломаттың аты-жөні - Шыңғыс Қарағожынов.

"(...) Ол біздің қазақстандық дипломат, Сыртқы істер министрлігі жүйесінде болған, қазір ол өзінің біліктілігін көрсетіп, Президент Әкімшілігінің протоколына қосылды. (...) Ол тікелей эфирде отырғанын білмеді. Біз барлығымыз адамбыз, әркім есінейді. Бұл адамның қарапайым әдеті. Нақты айтқым келеді, мұнда ешқандай да жасырын мән-мағына жоқ. Блогосферада бұл әрекеттің арнайы жасалғаны туралы эмоционалды пікірлер айтылып жатыр, екіжақты қарым-қатынас мәселесіне қайтадан шығарып жіберді. Бұлай жасауға болмайды", - деді Ыдырысов Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

"Адамға тән қасиеттер бізде де бар. Алайда дипломат - ерекше маман иесі, әрқашан сақ болу керек. Оның үстіне бұл халықаралық шара еді. Әрине, сақ болуы керек еді, залда камералардың барын білу керек. Осыны ескеруі керек еді. Өкінішке қарай, ол камера жұмыс істеп тұрған жерде отырғанын ұмытып кетті. Егер эмоциямен пікір білдіріп жатқандарды қанағаттандыратын болса, мен кешірім сұраймын, мұнда ешқандай да бөтен ойдың болмағанын тағы да қайталап айтамын. Өкінішке қарай, бұл жігіт камералар жұмыс істеп тұрғанда осындай жағдайға түсіп қалды", - деді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары