Баян-Өлгий қазақтарымен кездескен ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қазақша сөйлеп, табиғат апатынан зардап шеккен қандастарымызға Қазақстан тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.
Айта кетейік, 10 шілде күні Моңғолияның қазақтар қоныстанған аймағында сел жүріп, 100-ден астам үй қирап қалған еді. Салдарынан екі адам қайтыс болып, 700 адам далада қалды. Қандастарымыздың қайғысына ортақтасқан Мемлекет басшысы Н.Назарбаев зардап шеккен қазақ отбасыларына гуманитарлық көмек көрсетілетінін айтып, оқиға орнына премьер-министр Кәрім Мәсімовті жіберген болатын.
Үкімет басшысы Моңғолияда өтетін Еуропа мен Азияның XI саммитіне қатысып, бірнеше екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.