$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді

Еліміздің көп бөлігінде сайлау учаскелері таңғы 7-де ашылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді. Сайлаушылар тізімі негізінде жеке куәлікті көрсеткен кезде президентке бюллетень берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар тізіміне қол қойып, бюллетеньді жасырын дауыс беру кабинасында толтырып, содан кейін оны шыны жәшікке тастады.

Қазақстанда парламенттік сайлау 10 қаңтарда, жексенбіде басталды. Еліміздің көп бөлігінде сайлау учаскелері таңғы 7-де ашылды.

Бес облыста – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылордада дауыс беру бір сағаттан кейін басталды, өйткені олар басқа уақыт белдеуінде.

Партиялар бюллетенде төмендегідей ретпен орналастырылған:

  • Қазақстан халық партиясы;
  • Nur Otan партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Ақ жол" Демократиялық партиясы;
  • "Адал" саяси партиясы.

Айта кетейік, партиялар парламент мәжілісінде мандат алу үшін сайлаушылардың кем дегенде 7% дауысына ие болу керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары