$ 494.87  520.65  4.91

Планшет дауы: Көлгіновтің кадры сүттен ақ, судан таза болып шықты

Оны өзге емес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің өзі растаған еді.
Фото: gordonua.com
Фото: gordonua.com

Кеше Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары планшет дауына ілініп, бюджет ақшасына қол сұқты деген күдікке ілініп жатыр деген ақпарат таратқан едік. Бүгін енді Елорда әкімдігі сол ақпаратты жоққа шығарып, басқарма орынбасарын сүттен ақ, судан таза қылып шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімдіктің ресми мәлімдемесіне сенсек, бұл жерден ыбайластық әрекеті анықталмаған. 

«Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Шоғанбай жұмыс орнында.  Иә, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі тіркелді. Алайда ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің 2021 жылғы 15 наурыздағы аудиторлық есебі бойынша компьютерлер мен ноутбуктардың баға түзіліміне қатысты заң бұзушылық, сондай-ақ сыбайластық әрекет те анықталмады», - деп хабарлаған әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Еске сала кетсек, осыған дейін желіде білім басқармасы басшыларының жемқорлық әрекеттеріне қатысты сот алды тергеу шаралары жүріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. Оны өзге емес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтің өзі растаған еді. 

«Астана қаласы Білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш., ЖШС директоры О. «2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамыту» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде дағдарысқа қарсы іс-шараларға бөлінген жалпы сомасы 869 миллион теңгені құрайтын бюджет қаражатын ысырап етті деп күдіктелген. Басқарма құрал-жабдықтарды жоғары бағамен сатып алу фактісі бойынша сот алды тергеудің тіркелгенін растаймын. Тиісті сараптама қорытындысы бар. Тергеу жұмысы жүріп жатыр, сондықтан оның нәтижесі туралы айтуға әлі ерте», - деген болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары