$ 494.87  520.65  4.91

Оралда бензин бағасы шарықтап кетті

Жергілікті шенділер бұл нарық белгілеген баға деп отыр.

Қазір АИ-92 Оралдағы бекеттерде 170 теңгеден сатылып жатыр. Оған қоса бір қолға 5 литрден, ал кейбір бекеттерде тек талонмен беріледі. 

AstanaTV хабарлағандай, жергілікті шенділер бұл нарық белгілеген баға деп отыр. Әкімдік мамандарының айтуынша отын тапшылығына Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында жөндеу жүріп жатқаны әсер етті. Қазір облыста бензинді Атырау мен Ресейден сатып алатын 130-дан аса бекет бар. Бірақ зауыт жұмысы тоқтағандықтан олар өзге жеткізушілерден қымбат отын алуға мәжбүр. Ақ жағалылар 15 сәуірде, яғни зауыт іске қосылғанда облыс дағдарыстан шығады деген сенімде.

Жыл басынан бері елде халық көп тұтынатын 92-бензин қымбаттады. Наурызда оның бағасы орта есеппен 5 теңгеге өсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Орал #бензин