$ 494.87  520.65  4.91

«Жанармай бекеттері «бензин жоқ» десе, бізге хабарлаңыздар» – Энергетика министрлігі

жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз.

Энергетика министрлігі әлеуметтік желідегі «жанармай бекеттерінде бензин жоқ» деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде « кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ « деген ақпарат пайда болды. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті», - деп жазады министліктің баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметіне сенсек, елде бензин тапшылығын туғызатындай негіз бен алғышарт жоқ. 

«Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу +7 777 999 52 18 WhatsApp нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді. Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады», - делінген ресми ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары