$ 495.2  522.34  4.94

Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтты

Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасыларына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары