$ 498.34  519.72  4.85

Біртановтың ісі бойынша сот тыңдауы өтеді

Тыңдау ашық режимде өтеді.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы қашан өтетіні белгілі болды. 

«Алдын ала тыңдау 26 қаңтарға белгіленген», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ресми мәлімет бойынша, тыңдау ашық режимде өтеді.

Қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының өндірісіне келіп түскен.

Істі қарайтын судья – Ибрагим Әлкенов.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын. Оның алдында Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы министрге қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары