Tengrinews.kz тілшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған ұйым қалай жұмыс істейтінін білу үшін «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевпен сөйлесті.
«Қазақстандықтардың үміті тым жоғары. Адамдар кедейлік пен тұрғын үй мәселесі бірден шешіледі деп ойлайды. Жоқ. Өкінішке қарай, ол мүмкін емес. Көп адамға қатысты өткір мәселелер шешіледі. Қор тұрғын үйге мұқтаж адамның бәріне көмек көрсете алмайды. Қор алдында күрделі міндет тұр. Біз бүкіл халыққа тиімді болатын басымдықтарды таңдаймыз», - деді қор басшысы.
Жәмішев қор қаражаты қалай бөлінетінін де айтып өтті.
«Қор әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардан тікелей өтінім алмайды. Бұл өте маңызды сәт. Бәрімен тікелей жұмыс істеу үшін үлкен аппарат, филиалдар желісі болуы керек. Біз қайырымдылыққа кететін ақша аппарат қажеттілігіне жұмсалғанын қаламаймыз. Қор қайырымдылықта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар арқылы жұмыс істейді деп шешілді. Олардың тәжірибесі, аппараты және халықтан алған сенімі бар. Біз осы ұйымдар серіктесі боламыз. Бірақ ешбір жағдайда оларды қаржыландырмаймыз», - деді Жәмішев.
Көмек алу үшін қалай өтініш беруге болады?
«Бұл схеманы жүзеге асыратын механизмдер бар. Порталда ниет білдірушілер қайырымдылық көмек алуға өтінім бере алады. Бұл порталды 140-қа жуық қайырымдылық ұйымы пайдаланады. Бұл өтініштердің қайталануын, жоғалуын, көмек алушыларға сенімсіздікті жояды», - деді қор басшысы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.