19 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Назарбаевтың ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойы төрағалығын жою туралы түзетулерді қабылдап, Сенатқа ұсынған еді.
Бүгін Сенаттың сайтында түзетулер жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Парламент пен оның палаталары алдында, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болуға құқылы.
Мына тармақтар алынып тасталды – Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойына басқару құқығы; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесін басқару.
Түзетулердің авторы: Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті. Түзетулерді енгізу негіздемесі: Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктерін Қазақстан Президентіне беруіне байланысты.
Дереккөз: orda.kz
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.