$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Адам құқықтары туралы Жарлығын толықтырды

Онда әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою, мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары сынды тармақтар бар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде "Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы" Жарлыққа толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды akorda.kz.

 

Тоқаев құжатқа мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы қаулы қабылдады:

1 тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) жұмыстың мынадай бағыттарын көздейтін адам құқықтары мен Заң үстемдігі саласындағы одан арғы шаралардың жоспарын бекіту:

әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;

ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;

бірлестік бостандығы құқығы;

мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары;

адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

көшіп-қонушыларға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;

БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;"

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"2) іс-шаралар жоспарын және одан әрі шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының және одан әрі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары