$ 494.87  520.65  4.91

Экс-әкім Бағдат Мәнізоровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

Оған рейдерлік және бопсалау жасады деген айып тағылғаны айтылған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Алматы облысы әкімінің экс-орынбасары Бағдат Мәнізоровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, Бас прокуратураның сотқа дейінгі тергеуі тіркелмегенін хабарлаймыз» деді Бас прокуратура.

Бұған дейін  Telegram-арналардың бірінде Kozachkov offside экс-әкімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Онда шенеунікке рейдерлік және бопсалау жасады деген айып тағылғаны айтылған. Келген шығын көлемі 6 млн долларға жуық делінген.

2019 жылы Бағдат Мәнізоровты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен ұстаған, бірақ артынша іс тоқтатылғаны белгілі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары