$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаевқа Абхазияда такси қызметін қолдануға тыйым салынды

Компания директоры Александр Басарияның айтуынша, оған Қазақстан президентінің Петербург халықаралық форумында айтқан сөзі, дәлірек айтқанда, Тоқаевтың Абхазияны мойындамайтыны жайлы мәлімдемесі ұнамаған.

Абхазиядағы "А-Такси" такси агрегаторы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джо Байденге өз қызметтерін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания директоры Александр Басарияның айтуынша, оған Қазақстан президентінің Петербург халықаралық форумында айтқан сөзі, дәлірек айтқанда, Тоқаевтың Абхазияны мойындамайтыны жайлы мәлімдемесі ұнамаған.

Gazeta.ru-ға берген сұхбатында ол санкциялар тізімінен шығу үшін Тоқаевқа "Абхазия Республикасына деген көзқарасы мен пікірін өзгерту керек" екенін айтты.

Еске сала кетсек, 17 маусымда Ресейде Петербург Халықаралық экономикалық форумы өтті, іс-шара барысында модератор Маргарита Симоньян Тоқаевтан РФ-ның Украинадағы "арнайы операциясына" деген көзқарасы туралы сұрады. Қазақстан Президенті егер ұлттардың өзін-өзі айқындауына жол берілсе, онда жер бетінде 500-ден астам мемлекет пайда болып, хаос болатынын атап өтті. Осы себепті, Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан Тайвань мен Косово, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны да мойындамайды. Мемлекет басшысы еліміз Луганск және Донецк "республикаларына" да дәл осындай көзқараста екенін жеткізді.

«Бұл бағытта әртүрлі пікір бар. Тікелей айтайын. Біздің қоғам ашық. Азаматтық қоғамның пісіп-жетілгені анық көрінеді. Әртүрлі ой айтылады. Былай дер едім: қазіргі халықаралық құқық – БҰҰ жарғысы. Алайда жарғыдағы екі қағидат дәл қазіргі заманда бір-біріне қарама-қайшы келеді. Бұл – мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен ұлттың өзін-өзін айқындау құқығы. БҰҰ-ның негізін қалаушылар кезінде бұл мәселені назардан тыс қалдырған секілді. Бәлкім, әдейі енгізген болар», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев